Қазақстандағы наразылық митингтерінде 80-нен астам адам қамауға алынды
Қазақстанның Алматы мен Нұр-Сұлтан сияқты ірі қалаларында наразылық митингтері барысында 80-нен астам адам қамауға алынды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы митингтер өтпей жатып оларды заңсыз деп жариялады.
Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі ресми хабарландыруда іріткі салуды көздейтін шерушілерге қатаң қатынас көрсетілетінін ескертті.
Бірақ, үкіметтің ескертуіне қарамастан митинг өткізілді. Қатысушылар президенттік сайлауға қарсы, мүгедектер, әйелдер мен балаларға көбірек көңіл бөлу және Қазақстанда АЭС салуға қатысты әртүрлі ұрандар айтты.
Полиция 80-нен астам адамды заң бұзды деген айыппен қамауға алды. Ресми басшылардың айтуынша, тұтқынға алынғандар – Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған «Қазақстан демократиялық қозғалысының» жақтастары.