Қазақстанның президенттік сайлауының үміткерлері тұғырламаларын жариялады
Қазақстанның 9 мауысымда өтетін президенттік сайлауының үміткерлері тұғырламаларын жариялады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның уақытша Президенті әрі билік партиясының сайлау үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев өз тұғырнамасында 9 маусымдағы президенттік сайлауда жеңіске жетсе, бұл елдің бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттарын жалғастыратыны туралы жариялады.
«Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік бірлестігінен шыққан үміткер Сәді-Бек Түгел өз бағдарламасында жастардың рухани құндылықтары мен санасы, отансүйушілігі, үкіметтік тілді дамыту, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін тарату мәселелерді қуаттады.
«Ақ жол демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі үміткері Дания Еспаева өзінің сайлау тұғырнамасында бәсекелестік пен кең ауқымды сауданы тұрақты дамудың факторлары деп атап, тәуелсіздік пен ұлттық мүдделерді қорғау мен жемқорлықпен күресу мәселелеріне шоғырланды.
Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан Жамбыл Ахметбековтың тұғырнамасы Батыстың және оның қате құндылықтарының әсеріне түспеу, қашып кеткен қылмыскерлерді қайтарып, қамауға алу, кедейлікпен күресу және көршілес елдермен экономикалық интеграция құруға негізделді.
«Ұлт тағдыры» республикалық қоғамдық бірлестігі үміткері Әміржан Қосанов өз тұғырнамасында саяси азаттық, ұлттық болмыс, шынайы тәуелсіздік, жемқорлықпен күресу және бай мемлекет құру сынды мәселелерді көтерді.
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы үміткері Төлеутай Рахымбеков өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамыту, ауыл мен қаланың қоғамдық теңдігі және дәстүрлі құндылықтарды қорғау мәселелерді қуаттады.
«Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігінен ұсынылған Амангелді Таспихов заңды бұзушыларды қатаң жазалау, барлық компаниялардықауіпсізд басқару жүйесін орнату, жұмысшылар құқыларын қолдауға тоқталды.