Қазақстан мен Ливанның әскери әріптестігін кеңейту қажеттігі қуатталды
(last modified Sat, 18 May 2019 10:31:21 GMT )
Maм 18, 2019 16:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ливанның әскери әріптестігін кеңейту қажеттігі қуатталды

Қазақстан мен Ливанның әскери делегациялары екі елдің әскери әріптестіктерін кеңейтуге келісті.

«Тасним» ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауы бойынша, Қазақстан Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Ливан Қорғаныс министрі Ильяс Абу Саабтың қатысуымен Бейрутте өткен екі елдің әскери делегацияларының отырысында қос тарап Қазақстан мен Ливан арасындағы әріптестікті екіжақты кездесулер өткізіп, әскери тәжірибелермен алмасу арқылы кеңейтуге келісті.

Ильяс Абу Сааб осы кездесуде БҰҰ-на қарасты бейбітшілік сақтау күштерінің (UNIFIL) бір бөлігі ретінде Қазақстанның Ливанның оңтүстігіндегі бейбітшілікті сақтау амалдарына қатысуын қолдайды.

Қазақстан 2018 жылдың қазан айында UNIFIL-ге қосылды. Содан кейін бұл елдің 120 сарбазы БҰҰ-ның Ливанның оңтүстіктігіндегі бейбітшілікті сақтау амалдарына қатысты.