ТМД байқаушылары Қазақстан сайлауын бақылау миссиясын бастады
ТМД атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары бұл одақтың Қазақстандағы кезектен тыс өтетін президенттік сайлау байқаушыларының миссиясының басталғаны туралы хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, ТМД атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский Қазақстан Сайлау орталық комиссиясының Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз отырысында: «Кеше, дүйсенбі күні миссиясын бастаған Қазақстандағы кезектен тыс өтетін президенттік сайлауды бақылайтын ТМД 300 байқаушысын атқару комитеті төрағасы Сергей Лебедев басқаратын болды. Осы кезге дейін Қазақстаннның сайлауына қатысу үшін төрт мемлекет Ресей, Беларусь, Тәжікстан мен Түркіменстаннан ресми хат келді",- деді.
Қазақстанның кезектен тыс президенттік сайлауы ағымдағы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.