Maм 22, 2019 18:20 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранмен ынтымақтастығын кеңейтуді көздейді

Ирандағы Қазақстан елшісі Теһран-Нұр-Сұлтан экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуді қуаттады.

Ирандағы Қазақстан елшісі Асхат Оразбай баспасөз отырыста АҚШ-тың Иранға қарсы залым санкцияларына тоқталып: "Санкцияларға қарамастан Иран мен Қазақстан әртүрлі салалардағы өзара ынтымақтастықтарын арттыра алады. Иран мен Қазақстанның ұлттық валютасын пайдалану  екі елдің экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуге себеп бола алады. Сондай-ақ банк мәселелерін шешу үшін екі елдің арасында жаңа механизм іске қосылуы керек",- деді.

Иран мен Қазақстан арасындағы сауда айналымs өткен алты жылда бес есе артып, 400 миллион доллардан 2 миллиард долларға жетті.

 

Тегтер