Қазақстандағы президенттік сайлауға 12 миллионнан артық сайлау бюллетені дайындалады
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы бұл елдің президенттік кезектен тыс сайлауына 12 миллоннан астам сайлау бюллетенінің дайындалатыны туралы хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина: "Жергілікті органдар президенттік сайлауға қатыса алатын азаматтардың тізімін дайындап, сайлау учаскелеріне тапсырды. Бұл мәліметтерге сәйкес елдің түкпір-түкпірінде 11974995 азамат дауыс бере алады. Бюллетеньдерді қолдан жасаудан және бұрмалаудан қорғау үшін сайлау бюллетеньдерінде қорғалу дәрежесі белгіленді. Әр бюллетеннің бағасы 11 тенге. Сайлау бюллетенiне мемлекеттiк тiлдiң әлiпбилiк тәртiбiмен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi",- деді.