Тоқаев президенттік сайлауда жеңіске жетті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42387
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға қатысқандардың 70 пайыздан астам дауысына ие болып, Қазақстанның президенттік сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 10, 2019 14:35 Asia/Almaty
  • Тоқаев президенттік сайлауда жеңіске жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға қатысқандардың 70 пайыздан астам дауысына ие болып, Қазақстанның президенттік сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетті.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының алғашқы нәтижелері бойынша билік басындағы партияның үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауысқа ие болып, перзиденттік сайлауда жеңіске жетті. Бұл нәтижелер бойынша, Ахметбеков Жамбыл - 3,86, Дәния Еспаева – 5,32,  Әміржан Қосанов – 15,36, Төлеутай Рахымбеков – 3,03, Аманкелді Таспихов – 1,41 және Түгел Сәді-Бек – 0-86 пайыз дауысқа иеленді. Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауға дауыс берушілердің 77,4 пайызы қатысты.