Қазақстан мен БҰҰ ғарыш саласындағы ынтымақтастығын нығайтады
Қазақстан мен БҰҰ ғарышты бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы меморандумға қол қойды.
"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, ғарыш қызметі саласындағы меморандумға Қазақстанның цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен БҰҰ-ның ғарыштық кеңістік мәселелері жөніндегі басқармасы БҰҰ-ның Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда пайдалану жөніндегі комитетінің 62-ші сессиясының аясында қол қойды. Бұл сессияда Қазақстан делегациясын ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин басқарды. Нұрғожин БҰҰ ғарыш кеңістігі мәселелері жөніндегі басқармасының директоры Симонетта ди Пиппомен кездесті. Бұл кездесуде екіжақты ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелер талқыға салынып, соңында ғарыш саласындағы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат табиғи апаттарға қарсы күрес үшін ғарыш ақпаратын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты арттыруды қарастырады.