Қазақстанның Энергетика министрі Иран мен Венесуэла мұнайына санкция енгізудің салдары туралы ескерту жасады
(last modified Wed, 26 Jun 2019 08:02:48 GMT )
Маусым 26, 2019 14:02 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Энергетика министрі Иран мен Венесуэла мұнайына санкция енгізудің салдары туралы ескерту жасады

Қазақстанның Энергетика министрі АҚШ-тың Иран мен Венесуэлаға қарсы санкцияларының мұнай өндіруге қатысты шешімдер қабылдауды қиындатқандарын қуаттады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев келесі айда ОПЕК пен оның серіктестері арасындағы мұнай өндірісін төмендету келіссөздерінің қиындықтармен бетпе-бет келетіндеріне   тоқталып: «Иран мен Венесуэланың қазіргі жағдайына байланысты шиеліністер артуы мүмкін»,- деді.

ОПЕК пен әлемнің басқа ірі мұнай өндірушілері, атап айтқанда Ресей мен Қазақстан 1-2 шілдеде Венада кездеседі.