Назарбаев Азияның Батыстың біржақты билігіне қарсыласа алатынын қуаттады
Қазақстанның бұрынғы президенті азиялық елдердің Батыстың біржақты билігіне қарсыласу күшке ие екендерін қуаттады.
Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Азия құрлығының әртүрлі аймақтарында күш-қуаты орталықтары нығаюда. Бұл орталықтар Батыстың біржақты билігін дағдарысқа тіреу және оған қарсыласу күшке ие»,- деді. Қазақстанның бұрынғы президенті сондай-ақ АҚШ және аймақ пен әлемнің кейбір құдыреттері арасындағы сауда соғыстарына тоқталып: «Әлемдік қаржы жүйенің өзгеру ықтималы бар»,- деді.
Зерттеушілердің пікірінше, ХХІ ғасыр – Азия ғасыры және Азия аймағындағы өзгерістер бұл шындықты растайтындай. Әсіресе осы кездегі күн сайынғы өзгерістер мен алға ілгерлеулер бұрын-сонды болмаған жәйт. Әрине екіполюстік жүйе құлдыраған соң қазіргі халықаралық жүйенің өтпелі кезеңге енгеніне күмән тумайды. Бұл кезеңнің анық фактораларына ойын алаңы, ойыншылары және ережелерімен бірге экономикалық даму сынды маңызды өзгерістер жатады. Негізінде бұл кезеңнің маңызды ерекшелігі болып, болжамға жатпайтын өзгерістер мен іс-қимылдар және нәтижесінде ел басшыларының бағдарламаларындағы түсініксіздіктер саналады. Әлемнің әсерлі ең маңызды құдыреті, яғни АҚШ болжамдар бойынша ұзаққа созылатын саяси, экономикалық, мәдени тұрғылары қиындықтармен бетпе-бет келді және экономикаға негізделген күш-қуат бірте-бірте Еуропа мен Америкадан Азияға қарай ауысады. Бұл туралы үнділік жазушы әрі зерттеуші Параг Кханна: «Азия ХХІ ғасырда әлемнің американизация үдерісін тоқтатып, бұл ғасырды өз ғасыры етеді. Әлем ХІХ ғасырда еуропеизация және ХХ ғасырда американизация үдерістерінің куәсі болды және ХХІ ғасыр азиалық үдерісті бақылайды»,- деп жазды. Бұл жағдайда экономикалық даму Еуропадан Азия құрлығына қарай ауысуда және бұл құрлық халықтарының тұрмысы жүз есе жақсарды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының монополиясы экономиканың тарихында қалып, Азияда саны 2 миллиард адамға жуықталған орта тап қалыптасты. Осыған орай Азия құрлығы ағымдағы ғасырдың маңызды нарығы мен ойыншысы болады. Назарбаевтың идеялары маңызды саналады, өйткені Қазақстанның бұрынғы президенті өткен 30 жылда маңызды идеяларды ұсынып, оларды іске асырды. Еуразия Экономикалық Одағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК), Орта Азия одағы мен ТМД - Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаевтың идеялары. Олардың кейбіреулері жүзеге асырылып, кейбіреулері іске асырылуға дайындалуда. Бұл мәселелерге сүйеніп, Қазақстанның бұрынғы президентінің идесін ағымдағы ғасырдың әлем өзгерістерінің негіздері деп атауға болады.