Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында халықаралық сауда орталығы салынады
Өзбекстан мен Қазақстан логистикалық қызметтер мен шекаралық қатынасты дамыту үшін екі елдің ортақ шекарасында халықаралық сауда орталығы салынатынын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев кеше сенбі күні Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жасаған мәлімдемесінде Қазақстан мен Өзбекстанның екі ел шекарасында «Орта Азия» халықаралық сауда-экономикалық әріптестіктер орталығын салуға келіскенін хабарлады.
Төребаев жобаны бастау мерзіміне тоқталмастан, халықаралық сауда орталығын салуға қолайлы 5 жер анықталғанын айтты.
Төребаев аталмыш сауда орталығы ашылуының халықаралық туризмнің дамуы мен логистикалық қызметтердің жақсаруына және шекаралық сауданың қалыптасуына септігін тигізетінін ескертті.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрінің орынбасары жобаны орындаудың алғашқы кезеңінде 10 мың жұмыс орны, қолданысқа берген кезде 40 мың жұмыс орны ашылатынын хабарлады.