Иран Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентімен кеңесті
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, сұхбаттасты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесуде екіжақты қатынас, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы соңғы өзгерістер мен АҚШ-тың экономикалық лаңкестігі туралы кеңесті.
Иран Сыртқы істер министрі бұдан бұрын Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екіжақты байланыс пен аймақтық және халықаралық маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасқан болатын.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні "Астана клубы" халықаралық пікірталас алаңындағы жылдық басқосуға қатысып, Қазақстан басшыларымен кездесу үшін осы елге келді.
Зариф Нұр-Сұлтан қаласында Еуразия ұлттық университетіне барып, студенттер мен оқытушылардың алдында сөз сөйледі.