Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы экономикалық уәделер орындалмаса, барша зиян шегеді
ИИР Сыртқы істер министрі батыстықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындауға қатысты уәде бұзушылықтарына тоқталып: "Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында берілген экономикалық уәделер орындалмаса, барша зиян шегеді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында Астана клубының "Ядролық қаруларды таратпау және қарусыздану" секциясында сөйлеген сөзінде Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін қысқартуға бағытталған қадамдарын қорғап: "Егер бұл бағдарламада экономикалық байланыстарды қалыптандыру туралы Иранға берілген уәделер орындалса, Теһран өз міндеттемелерін қайта толық орындауға әзір.
Егер ядролық келісімде Иранмен экономикалық байланыстарды қалыптандыру уәдесі орындалмаса, Теһран өз міндеттемелерін қысқарту жолындағы қадамдарын жалғастырады",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі Иранның ядролық қарулар жасауды қаламайтынын айтып: "Алайда Иран өз құқықтарының аяқ асты етілуіне ешқашан жол бермейді",-деп баса айтты.