Қазақстанда шикі мұнай өндірісі төмендеді
Статистикалық мәліметтер Қашаған мұнай кенішіндегі сақтау амалдарына байланысты Қазақстанда мұнай өндірісі төмендегенін көрсетті.
Reuters ақпарат агенттігінің Мәскеуден хабарлауынша, Қазақстанның Энергетика министрлігінің жұма күнгі статистикалық есебіне сәйкес 12 желтоқсанда елде мұнай өндірісі 8 пайызға төмендеп, 235800 тоннаға жетті.
Екі өндірістік дереккөзінің хабарлауынша, Қашаған мұнай кенішінде жоспарланбаған сақтау амалдарының аяқталмауы Қазақстанда мұнай өндірісінің төмендеуінің басты себебі болған.
Қашаған мұнай кенішін қолдануға жауапты консорциум NCOC компаниясы бір мәлімдемеде бұл кеніштен мұнай өндірудің желтоқсан айының ортасында қалыпты жағдайға енетіні күтілетінін мәлімдеді.