Иран әйелдері "алыш" күресі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
(last modified 2019-12-24T12:01:54+00:00 )
Жел 24, 2019 18:01 Asia/Almaty
  • Иран әйелдері

Иран әйелдерінің "алыш" күресі ұлттық командасы бір алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, Қазақстанда өткен "алыш" күресі әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, «алыш» күресінен әлемдік біріншілік 21-23 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Иранның ұлттық құрама командасы 93 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Қазақстан әйелдер командасы 89 ұпаймен екінші, Қырғызстан 69 ұпайға ие болып, үшінші орын алды.

Иран ерлері «алыш күрес» командасы да екінші орынға тұрақтады. Чемпионаттың соңында Иран командасы Мұхаммад Набизаденің 70 кг, Пуриа Рамазанидің 100-ден жоғары салмақ бойынша екі күміс медалі, 65 кг салмақтағы Рухолла Нематианның қола медалімен 85 ұпай жинап, екінші орын иеленді.  Қырғызстан мен Моңғолия командалары бірінші және үшінші орындарды місе тұтты. 

 

 

Тегтер