Қазақстанда ондаған наразы қамауға алынды
(last modified Sun, 23 Feb 2020 14:49:21 GMT )
Ақп 23, 2020 20:49 Asia/Almaty
  • Қазақстанда ондаған наразы қамауға алынды

Қазақстан Демократиялық партиясының басшысы Жанболат Мамай мен партияның ондаған мүшесі Алматы қаласында наразылық актісін өткізгені үшін қамауға алынды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Демократиялық партиясының мүшелері сенбі күні Алматы қаласында саяси қуғын-сүргінге наразылық ретінде шеруге шығатын болған.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен бірнеше қалада осы партияны қолдаған ондаған адам қамауға алынды.

Халықаралық кешірім ұйымы Қазақстан үкіметінен қамауға алынғандарды тез арада ешбір шартсыз босатуды талап етті.

Халықаралық кешірім ұйымы басшысының Орта Азия және Шығыс Еуропа жөніндегі орынбасары Денис Кривошеев: "Қазақстандағы адам құқығының әлсіз жағдайы осындай шаралармен одан ары нашарлай түсті. Бұл Қазақстан үкіметінің сөз бостандығынан қорқатынын көрсетті",-деді.