Қазақстанның ақшасы құнсызданды
(last modified Wed, 11 Mar 2020 14:31:14 GMT )
Нау 11, 2020 20:31 Asia/Almaty
  • Қазақстанның ақшасы құнсызданды

Қазақстанның ұлттық ақшасы "теңге" өткен 10 жылдағы ең төменгі деңгейге құнсызданды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше,  халықаралық нарықтағы мұнай бағасының 30 пайызға төмендеуі мен коронавирустың таралуының Қазақстанның қаржы нарығына әсер етуіне байланысты теңгенің құнсыздануына  әкелді.  Бұл мәлімет бойынша, Қазақстанның ұлттық ақшасы құны төмендеп, 1 доллар 350  теңгеге теңелді.  2019 жылы Қытайдан бастап таралған коронавирус әлем халықтарының денсаулығына қатер болуымен қатар жаһандық экономиканы құлдырау қатеріне тірей алды. Бұл аурудың өлім қатері оны жұқтырғандардың санының тек 2 пайызын құрағанымен, кеңінен таралуына байланысты адамдар арасында қорқыныш пен стресс тудырды. Сондықтан үкіметтер қалаларды карантинге жауып, қатынасты азайту мен көп жерлерді жабу арқылы бұл вирустың таралуының алдын алуға талпынуда. Мұндай өзгерістердің алдында микроэкономикалық көрсеткіштер осалдығын көрсетті және экономиканың денсаулық сақтау бөліміне басқа салалары құлдыраудын куәсі болмақ.  Экономикалық мәселелер сарапшысы Ричард Партингтон  The Guardian журналында: «Коронавирус әлемдік экономиканы дамуын 50 пайызға төмендете алады. Бұл қауіп әлем экономикасы үшін он жыл бұрынғы экономикалық дағдарыс кезінен кейінгі ең үлкен қауіп болып табылады»,- деп жазды.

Қазақстан да осы экономикалық жағдайлардан өзін сақтай алмады.  Осы кезде Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар тіркелмегенімен, бірақ бұл вирустың таралуының салдарлары елдің ішкі нарығының құлдырауына әкелді. Экономиканың құлдырауы мен ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін импорттың және шетелдік валютаның қажеттілігінің артуына байланысты бұл елдің ұлттық ақшасы құнсыздануда.  Сондай-ақ Қазақстанның сауда компанияларының бір бөлігі, олардың ішінде Қытай коронавирустың таралуының экономикалық соққыларымен бетпе-бет келуде. Бұл мәселе де Қазақстан экономикасының кейбір бөлімдерінің жұмысын тоқтатуына әкелуі мүмкін. Қорыта айтқанда қазіргі жағдайда коронавирустың таралуының экономикалық салдарларынан аман сақтап қалатын мемлекетті табы қиын болар. Экономиканың жаһандануы мен ұлттық экономикалық арналардың халықаралық экономикаға қосылуы жергілікті экономикалардың әлемдік өзгерістерден шығын көрулеріне себеп болды.