Қазақстанда мемлекеттік және жеке сектордың қызметшілерінің 70 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі
Нау 18, 2020 19:07 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және жеке сектордың қызметшілерінің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіру шешім қабылдады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелер мен кейбір ақпарат құралдар және басқа ұйымдар мен органдар бұл шешімге сай жұмыс жасауға міндетті. Қазақстан Президенті: «Жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдану ұсынылады»,- деді.
Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.
Тегтер