Қазақстанның Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүріс-тұрысқа тыйым салынды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46106-Қазақстанның_Алматы_және_Нұр_Сұлтан_қалаларында_жүріс_тұрысқа_тыйым_салынды
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүріс-тұрыс, барыс-келіске тыйым салынды. Заң бұзушыларға айыппұл салынып, 2 жылға бас бостандығынан айырылады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 29, 2020 21:00 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүріс-тұрысқа тыйым салынды

Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүріс-тұрыс, барыс-келіске тыйым салынды. Заң бұзушыларға айыппұл салынып, 2 жылға бас бостандығынан айырылады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: «Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы барыс-келіс ережелері 28 наурыз күні түнде елде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында енгізілді»,-деп мәлімдеді.

Ережелерге сәйкес, адамдардың себепсіз көшеде жүруі және қала сыртына шығуына тыйым салынады. Заң бұзушыларға айыппұл салынып, 2 жылға бас бостандығынан айырылады.

19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір айға карантин енгізілді.

Карантиннің бірінші күні тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істеді, ал басқа сауда орталықтары жабылды. Сондай-ақ, мектептер, университеттер, кинотеатрлар мен қоғамдық орындар жабылды.