Қазақстанның Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында жүріс-тұрысқа тыйым салынды
Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жүріс-тұрыс, барыс-келіске тыйым салынды. Заң бұзушыларға айыппұл салынып, 2 жылға бас бостандығынан айырылады.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев: «Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы барыс-келіс ережелері 28 наурыз күні түнде елде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында енгізілді»,-деп мәлімдеді.
Ережелерге сәйкес, адамдардың себепсіз көшеде жүруі және қала сыртына шығуына тыйым салынады. Заң бұзушыларға айыппұл салынып, 2 жылға бас бостандығынан айырылады.
19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бір айға карантин енгізілді.
Карантиннің бірінші күні тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істеді, ал басқа сауда орталықтары жабылды. Сондай-ақ, мектептер, университеттер, кинотеатрлар мен қоғамдық орындар жабылды.