Қазақстанның 3 қаласында инфекциялық ауруханалар ашылады
Сәу 05, 2020 16:25 Asia/Almaty
Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында алдын ала дайындалған модульдік құрылымдар негізінде инфекциялық ауруханалар салынып, қолданысқа беріледі.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның 3 қаласында алдын ала дайындалған модульдік құрылымдар негізінде бірнеше инфекциялық аурухана салынып, қолданысқа беріледі.
Бұл шешім кеше Қазақстан Премьер-министрі басқарған үкімет отырысында қабылданып, тиісті ұсыныс елдің Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді.
Сондай-ақ, отырыста Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантиннің 13 сәуірге дейін ұзартылғаны хабарланды.
Қазақстан аумағында коронавирус жұқтырған 569 адам анықталып, 6 адамның көз жұмғаны тіркелді.