Қазақстанның 3 қаласында инфекциялық ауруханалар ашылады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46203-Қазақстанның_3_қаласында_инфекциялық_ауруханалар_ашылады
Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында алдын ала дайындалған модульдік құрылымдар негізінде инфекциялық ауруханалар салынып, қолданысқа беріледі.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 05, 2020 16:25 Asia/Almaty
  • Қазақстанның 3 қаласында инфекциялық ауруханалар ашылады

Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында алдын ала дайындалған модульдік құрылымдар негізінде инфекциялық ауруханалар салынып, қолданысқа беріледі.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның 3 қаласында  алдын ала дайындалған модульдік құрылымдар негізінде бірнеше инфекциялық аурухана салынып, қолданысқа беріледі.

Бұл шешім кеше Қазақстан Премьер-министрі басқарған үкімет отырысында қабылданып, тиісті ұсыныс елдің Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілді.

Сондай-ақ, отырыста Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантиннің 13 сәуірге дейін ұзартылғаны хабарланды.

Қазақстан аумағында коронавирус жұқтырған 569 адам анықталып, 6 адамның көз жұмғаны тіркелді.