Қазақстанда төтенше жағдай ұзартылды
Қазақстан Президенті кеңсесінің баспасөз өкілі коронавируспен күресу мақсатында елде төтенше жағдайдың сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті кеңсесінің баспасөз хатшысы Берік Уәли сенбі күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен елде төтенше жағдайдың сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын растап: «Біз әлі бұл аурудың шарықтау шегіне жеткен жоқпыз. Сондықтан Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты ірі қалаларда карантинді ұзартуға мәжбүрміз»,-деді.
ҚР Президенті 15 наурызда коронавирустың алдын алу мақсатында 16 наурыз бен 15 сәуір арасында бүкіл елде төтенше жағдай жариялап, карантин ережесін енгізуге бұйрық берген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 893 адам деп хабарланды. Олардың 86-і емделіп шықса, 10 адам көз жұмды. Қазақстан үкіметі елде вирус жұқтырғандар санының 3500-ден аспайтынына және аурудың сәуір айының ортасында шарықтау шегіне жететіні туралы болжам жасады.