Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46325-Қазақстан_Қырғызстан_мен_Тәжікстанға_гуманитарлық_көмек_жіберді
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қырғызстан мен Тәжікстанға 5000 тонна ұн гуманитарлық көмек жіберді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 14, 2020 18:52 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қырғызстан мен Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қырғызстан мен Тәжікстанға 5000 тонна ұн гуманитарлық көмек жіберді.

Fars News агентігінің мәліметі бойынша, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл хабарды түркітілдес елдер кеңесінің «Коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін бірлестік және ынтымақтастық» атты бейнеконференция аясында жариялады.

Сауда қатынастары мен көлік-транзитті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық, түркітілдес елдердің азаматтарына қажет көмек көрсету бұл отырыстың күн тәртібіндегі тақырыптарды құрады.

Отырыстың келесі бөлігінде Тоқаев коронавирустың зардаптарын еңсеру үшін бірлескен іс-қимыл жоспарын жасауға шақырды. Оның айтуынша, бұл құжатта сауда мен өзара инвестицияларды ынталандыру шаралары көрсетілуі керек.