Қазақстанда өзбек еңбек мигранттарының құқықтарын қорғайтын заңға қол қойылды
(last modified Wed, 22 Apr 2020 12:28:49 GMT )
Сәу 22, 2020 18:28 Asia/Almaty
  • Қазақстанда өзбек еңбек мигранттарының құқықтарын қорғайтын заңға қол қойылды

Қазақстан Президенті қос азаматтығы бар өзбек мигранттарының құқығын қорғайтын заңға қол қойды.

Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл заңға Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоюымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы еңбек және  қос азаматтығы бар өзбек мигранттарының құқығын қорғайтын екіжақты келісім іске асырылады. Осы заң бойынша, қос азаматтығы бар өзбек мигранттары  Қазақстанда дәрігерлік қызметті тегін алатын болады. Сондай-ақ, қызмет барысында зардап шеккен және ауырып қалған өзбек мигранты көрген шығынын қайтару құқығын иеленеді. Бұл құжат бойынша,  Өзбекстан университеттерінде тиісті білім алғаны жөнінде құжатқа ие өзбек еңбек мигранттары Қазақстанның білім, медицина және фармацевтика салаларында жұмыс істей алады. Бұл келісім сонымен бірге зейнетақы мен әлеуметтік  төлемдерді де қарастырады.