Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирусқа шалдықты
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі өз орынбасары Камалжан Надыровтың коронавирус жұқтырғанын хабарлады.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Елжан Біртанов сәрсенбі күні: «Надыров Алматыдағы коронавирусты бақылау тобын күшейту үшін қаланың денсаулық сақтау басқармасының міндетін мойнына алуы керек еді, бірақ оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол елдегі ауруханалардың біріне жатқызылды. Камалжан Надыров коронавирус жұқтырғаны белгілі болғаннан кейін жұмыстан босатылды. Людмила Бюрабекова денсаулық сақтау министрінің жаңа орынбасары болып тағайындалды»,- деді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін таңертең күнгі мәліметінше, елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2025 адам. Оның 489 жазылса, 19 адам қайтыс болды.