Қазақстанда ең көп коррупцияланған органдар жарияланды
Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2020 жылдың алғашқы үш айында елде ең көп коррупцияланған органдардың тізімін жариялады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов: «ҚР ІІМ, оршаған орта мен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және инфрақұрылымдық даму министрлігі ең көп коррупцияланған мемлекеттік органдар деп аталды.
2020 жылдың алғашқы үш айында ҚР ІІМ 70 қызметкері, Қоршаған орта министрлігінің 10 қызметкері, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 9 қызметкері, Қаржы министрлігінің 9 қызметкері, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 8 қызметкері жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен қамауға алынды»,-деді.