Қазақстан банктерінде қолма-қол ақша алуға шектеу қойылды
Сәу 23, 2020 19:01 Asia/Almaty
Қазақстанның Ұлттық банкі биылғы жылдың 1 маусымынан бастап құқықтық тұлғаларға банктегі есеп-шоттарынан қолма-қол ақша алуға шектеу қоюға шешім қабылдады.
Бұл шешімнің мақсаты жарияланған жоқ.
Шешім бойынша, шағын кәсіптер өз есеп-шоттарынан айына 20 млн теңгеге дейін, орта кәсіптер 120 млн теңгеге дейін, ал ірі кәсіптер 150 млн теңгеге дейін қолма-қол ақша ала алады.
Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын фирмалар мен зауыттар, ауыл шаруашылығы өнімдері, балық, азық-түлік, түрлі сусындар, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық саудасымен айналысатын компаниялар бұл шектеуден босатылған.