Қазақстан банктерінде қолма-қол ақша алуға шектеу қойылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46453-Қазақстан_банктерінде_қолма_қол_ақша_алуға_шектеу_қойылды
Қазақстанның Ұлттық банкі биылғы жылдың 1 маусымынан бастап құқықтық тұлғаларға банктегі есеп-шоттарынан қолма-қол ақша алуға шектеу қоюға шешім қабылдады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 23, 2020 19:01 Asia/Almaty
  • Қазақстан банктерінде қолма-қол ақша алуға шектеу қойылды

Қазақстанның Ұлттық банкі биылғы жылдың 1 маусымынан бастап құқықтық тұлғаларға банктегі есеп-шоттарынан қолма-қол ақша алуға шектеу қоюға шешім қабылдады.

Бұл шешімнің мақсаты жарияланған жоқ. 

Шешім бойынша, шағын кәсіптер өз есеп-шоттарынан айына 20 млн теңгеге дейін, орта кәсіптер 120 млн теңгеге дейін, ал ірі кәсіптер 150 млн  теңгеге дейін қолма-қол ақша ала алады.  

Жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын фирмалар мен зауыттар, ауыл шаруашылығы өнімдері, балық, азық-түлік, түрлі сусындар, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдық саудасымен айналысатын компаниялар бұл шектеуден босатылған.