Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан Президенті елінің мұсылман халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауда: «Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын»,- деді.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының шешімі бойынша, биыл Рамазан айында мешіттерде күнделікті намаздар, жұма намазы мен тарауиқ намазы оқылмайды. Сондай-ақ, жағдай жақсарғанша ауызашар мен басқа ұжымдық шараларды өткізуге тыйым салынды.