Қазақстан Президенті коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдайды ұзартты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46516-Қазақстан_Президенті_коронавирусқа_байланысты_елде_төтенше_жағдайды_ұзартты
Қазақстан Президенті дүйсенбі күні: «Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 27, 2020 17:26 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті коронавирусқа байланысты елде төтенше жағдайды ұзартты

Қазақстан Президенті дүйсенбі күні: «Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым»,-деп мәлімдеді.

Kazinform ақпарат сайтының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде Қазақстандағы коронавирустың таралу жағдайына тоқталып: «Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар»,-деді.

Қазақстан Президентінің айтуынша, елдің кейбір аймақтарында, әсіресе Алматы қаласында медперсоналдың көбі коронавирус жұқтырған. Бұл мәселенің себебін анықтау және мұндай жағдайдың болашақта қайталануының алдын алу аса қажет.

Тоқаев: «Үкімет медперсоналдың денсаулығын кепілдендіру үшін шара қолданып жатыр. Сонымен қатар, кейбір шектеулер біртіндеп азайтылады. 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері қайта ашылады»,-деді.

Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны дүйсенбі күні 63 адамға артып, 2780 адамға жетті. Сондай-ақ, 700-ге жуық адам жазылып, 25 адам қайтыс болды.