Қазақстанда медицина қызметкерлерінің құрметіне тұрғын үйлердің қасбетіне сурет салынады
Maм 06, 2020 16:13 Asia/Almaty
Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер мен медбикелердің суреттері Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлердің қасбетіне салынады. Бұл істі Нұр-Сұлтан қаласының шығармашылар қауымдастығы атқарады.

Нұр-Сұлтан қаласының шығармашылар қауымдастығының басшысы Кристина Бекмурзаева бұл туралы: «Бұл суреттер арқылы медицина саласының қызметкерлеріне ризашылық білдіргіміз келеді. Біз олардың барлығын қаһарман деп санаймыз»,- деді.