Қазақстан коронавируспен күреске 13 млрд доллар жұмсады
Maм 07, 2020 16:30 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті елінің коронавируспен күрес жолында шамамен 6 трлн теңге, сәйкесінше 13 млрд доллар немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 8 пайыздан астамын жұмсағанын мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Орасан зор шығынға қатысты сындарға қарамастан, үкімет азаматтардың өмірі мен әл-ауқатын сақтау үшін күресуі керек, өйткені халықсыз экономика болмайды»,-деді.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы бойынша, елде коронавирус жұқтырған 4298 адам тіркелді. Олардың арасынан 1299 адам жазылып шығып, 30 адам көз жұмды.