Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i46687-Алматы_әуежайы_415_миллион_долларға_сатылды
Түркияның әуежай қызметтері TAV Airports холдингі Алматы халықаралық әуежайы акциясының 100 пайызын 415 миллион долларға сатып алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 09, 2020 15:13 Asia/Almaty
  • Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды

Түркияның әуежай қызметтері TAV Airports холдингі Алматы халықаралық әуежайы акциясының 100 пайызын 415 миллион долларға сатып алды.

TAV Airports холдингінің бас директоры Сани Шенер: «Қазақстан – географиялық және экономикалық тұрғыдан аймақтағы ең үлкен мемлекет. Алматы – елдің жалпы ішкі өнімнің 20 пайызы түсетін ірі қала. Алматы Қытай, Еуропа мен Африканы бір-біріне қосқан Жібек жолының орталығында орналасқандықтан жақсы әлеуетке ие. Біз білімімізге сүйеніп, оны толық іске асыруға талпынамыз»,- деді.  Мәліметтер бойынша, Алматы халықаралық әуежайының акциялары Venus Airport Investment B.V жеке компанияның қолында болған.