Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның сынағы басталды
Maм 19, 2020 14:49 Asia/Almaty
Қазақстан Денсаулық министрлігі ДДСҰ-нан коронавирусқа қарсы жергілікті вакцинаны сынақтан өткізу үшін рұқсат алынғанын хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан ресми түрде COVID-19 вакцинасын әзірлеуші елдердің қатарына тіркеліп, вакцинаны сынақтан өткізуге рұқсат алды.
ДДСҰ қазақстандық ғалымдардың бұл саладағы жетістіктерін тіркеп, өзінің ресми веб-сайтында жариялады. Вакцинаны Қазақстанның биомедицина қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институты коронавирус жұқтырған адамдардан бөлінген вирус штаммы негізінде жасады.