Тоқаев: Қазақстанда нәсілдік кемсітушілік жоқ
ҚР Президенті: «Қазақстанда «ұлттық азшылық және нәсілдік кемсітушілік» деген ұғым жоқ. Барлық азаматтар бірдей құқыққа ие»,-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бір ресейлік ақпарат құралына берген сұхбатында: «Осыдан біраз бұрын шетелдік сараптамалық мақалада «Қазақстандағы орыс диаспорасы» деген тіркесті көрдім. Қазақ сарапшылары мен идеологтарға ешқашан мұндай ұғымды қолданбау туралы ескерттім.
Орыстар – Қазақстан халқының бір бөлігі. Олар елдің дамуына орасан үлес қосты. Бұл ешқашан ұмытылмайды. Қазақстан тарихында көптеген орыстардың аттары алтынмен жазылған»,-деді.
Тоқаевтың айтуынша, бүкіл қазақстандықтар өздерін бір ұлт санайды. Сондықтан бұл елде «ұлттық азшылық» деген ұғым жоқ.