Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі жағдай тұрақталғанша митингке қатыспауға шақырды
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі халықты коронавирус жағдайы тұрақталғанша наразылық жиындарына қатыспауға шақырды.
Fars News ақпарат агенттігінің Душанбедегі тілшісінің хабарлауы бойынша Елжан Біртанов: «Қазіргі жағдайда жиналуға тыйым салынады, өйткені халықтың жиналуы коронавирустың таралуына соқтырады»,- деді. Біртанов сөзінің жалғасында коронавирус пандемиясы кезінде заң мен дәрігерлердің талаптарын орындау қажеттілігін қуаттады. Ол бұл талаптарды бұзудың салдарларына тоқталып, ұжымдық наразылықтарды ұйымдастырушылардан митингті басқа уақытта өткізуді сұрады. Соңғы кезде Қазақстан үкіметіне қарсы екі топ, атап айтқанда Мұхтар Аблязов басқарған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» мен елде жаңа демократиялық партия құруды көздеген Жанболат Мамайдың тобы халықты 6 маусымда митингке шығуға шақырды.