Қазақстанда өткен 5 айда азық-түлік өндірісі 2,3 пайызға артты
Маусым 10, 2020 22:09 Asia/Almaty
Қазақстан Ауылшаруашылық министрі ауылшаруашылық саласының негізгі активтеріне салынған инвестициялар 14,3 пайызға немесе 145,1 миллиард теңгеге, тамақ өнімдерінің өндірісі 18,8 пайызға немесе 28,5 миллиард теңгеге жеткенін хабарлады.
Сапархан Омаровтың айтуынша, ағымдағы жылдың өткен 5 айында ауылшаруашылық саласындағы ішкі өнім мөлшері 2,2 пайыз және 934,4 миллиард теңгеге артты. Ол бұл өсімді ет өндірісінің 3,5 пайызға, сүт өндірісінің 3,2 пайызға өсуімен байланыстырды.