Иран мен Қазақстан Парламенттерінің екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтудағы рөлі қуатталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i47109-Иран_мен_Қазақстан_Парламенттерінің_екі_елдің_достық_қарым_қатынасын_нығайтудағы_рөлі_қуатталды
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Иран мен Қазақстан Парламенттерінің екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтудағы рөлін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 11, 2020 16:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан Парламенттерінің екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтудағы рөлі қуатталды

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Иран мен Қазақстан Парламенттерінің екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтудағы рөлін қуаттады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің мәдениет және қоғамдық қатынас департаментінің бейсенбі күнгі хабарлауынша, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммед Бағер Қалибафқа жіберген хатында Қазақстан мен Иран арасындағы достық қарым-қатынастың одан ары нығая түсетініне үміт білдірді.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Қалибафты Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы болып сайланғанымен құттықтап: «Екі ел Парламенттерінің өзара қарым-қатынасты дамытуда айтарлықтай үлеске ие екендігі анық»,-деді.