Қазақстанда вакцина шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Маусым 14, 2020 17:14 Asia/Almaty
Қазақстанның Жамбыл облысында елдің биологиялық қауіпсіздік институтына қарасты вакцина шығаратын зауыттың құрылысы басталды.
Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Қазақстанның Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыттың құрылысын бастау рәсіміне елдің Премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.
Осы мәлімет бойынша, ағымдағы жылдың соңында бұл зауыт қолданысқа беріледі деп жоспарланған.
Бұл зауытта GMP халықаралық стандарттарына сәйкес коронавирусқа қарсы вакцина сияқты биофармацевтикалық дәрілер шығарылатын болады.
Тегтер