Қазақстанның Мәжіліс төрағасы коронавирус жұқтырды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i47204-Қазақстанның_Мәжіліс_төрағасы_коронавирус_жұқтырды
Қазақстанның Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтыруына байланысты карантинге алынды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 18, 2020 16:30 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Мәжіліс төрағасы коронавирус жұқтырды

Қазақстанның Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтыруына байланысты карантинге алынды.

Қазақстан Мәжілісі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 маусымда осы ел Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың вирус жұқтырғаны расталғаннан кейін 16 маусымда Қазақстанның Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирусқа тест тапсырды. Өкінішке қарай, тест нәтижесі оң болып шықты.

Мәжіліс төрағасында диагноз белгісі жоқ болғанымен денсаулық сақтау протоколы бойынша өзін-өзі оқшаулаған көрінеді.

Мәжіліс төрағасы қашықтан жұмыс істеп отыр. Кеше Қазақстан Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы оның орынбасарының қатысуымен өтті.