Назарбаев коронавирусқа шалдықты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i47214-Назарбаев_коронавирусқа_шалдықты
Қазақстанның тұңғыш Президентінің баспасөз өкілі Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тапсырған тестінің нәтижесі оң болып, ол кісінің дәрігерлердің бақылауына алынғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 19, 2020 15:07 Asia/Almaty
  • Назарбаев коронавирусқа шалдықты

Қазақстанның тұңғыш Президентінің баспасөз өкілі Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тапсырған тестінің нәтижесі оң болып, ол кісінің дәрігерлердің бақылауына алынғанын хабарлады.

 

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Үкібай: «Назарбаевтың денсаулығын дәрігерлер бақылап отыр. Алаңдауға негіз жоқ. Елбасы жұмысын  қашықтан істеп жатыр»,- деді.

Н. Назарбаев қазіргі кезде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және Нұр-Отан партиясының басшысы.