Қазақстанда ҰБТ ерекше тәсілмен өтті
Маусым 22, 2020 17:04 Asia/Almaty
Қазақстанда ҰБТ-ға қатысушылар дезинфекциялаудың бес кезеңінен өтті.
Кеше Қазақстанда ҰБТ санитарлық ережелерді сақтаумен өтті. Қатысушылар емтихан өтетін жерге кіру үшін дезинфекциялық бақылаудың бес кезеңінен өтті. ҰБТ-ға қатысушылар саны биыл 130 мыңнан асып отыр. Олардың 82 пайызы – биыл мектеп бітіргендер. ҰБТ-ның келесі кезеңі алдағы күндері өтеді.