Қазақстанда жаңа Денсаулық сақтау министрі тағайындалды
Қазақстан Президенті елдің Денсаулық сақтау министрінің қызметтен кету туралы өтінішін қабылдап, осы лауазымға Алексей Цойды тағайындады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қызметтен босату туралы үкімге қол қойды.
14 маусымда коронавирус жұқтырған Біртанов жуырда емделуді қажет ететіндіктен өз міндетін толық атқара алмауына байланысты қызметінен бас тартты.
Ол 2017 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің қызметін атқарды.
Қазақстан Президенті Біртанов науқастанып қалғаннан кейін Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрі ретінде тағайындады.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, осы күнге дейін елде 19750 адам коронавирус жұқтырды. Олардың арасында 12220 адам жазылып, 140 адам көз жұмды.