Қазақстан 11 елмен халықаралық рейстерін қайта бастайды
Қазақстанның тасымал саласындағы бас дәрігері Сәдуақас Байғабылов елінің бірқатар мемлекетпен әуе рейстерін қайта бастайтынын хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан әуе қатынасын қайта бастайтын бірінші және екінші санаттағы елдердің тізімін арттырды. Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия мен Малайзия бірінші санаттағы елдер тізіміне қосылып, бұл елдерден енген жолаушыларға ешбір шектеу қолданылмайтын болды. Бұдан бұрын бірінші санаттағы елдердің қатарына Қытай, Оңтүстік Корея, Грузия, Жапония мен Таиланд тіркелген болатын.
Мысыр, Украина, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан екінші санаттағы елдердің тізіміне тіркелді. Бұл елдерден Қазақстанға енген жолаушылар 48 сағаттың ішінде коронавируске тест тапсырып, 14 күнге үйде карантинде отырады.
Байғабыловтың мәліметінше, бірінші және екінші санатқа тіркелмеген елдердің әуе қатынасына тыйым салынған.