Ресей Қазақстанға коронавируспен күресуге көмектеседі
Ресей мен Қазақстан Премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесіп, Мәскеу коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға дәрігерлері мен дәрі-дәрмек жіберуге дайындағын жариялады.
Асқар Мамин мен Михаил Мишустин сауда, экономика және көлік саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өнеркәсіптік қатысу жөнінде пікір алмасты. Ресей мен Қазақстан Премьер-министрлері COVID-19 қарсыласу саласындағы ортақ жұмыстарға ерекше назар аударды. Ресей бұл салада Қазақстанға дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтармен көмектесуге дайындығын білдірді. Сондай-ақ Мишустин Ресейдің ауруханалар мен вирусологиялық зертханалар салуға көмектесу үшін Қазақстанға мамандарын аттандыру шешімін хабарлады.
Қазіргі кезде Қазақстан ауруханаларында 26 мың орын бар, коронавирус пандемиясының жаңа толқынына байланысты бұл ел алдағы 2 айда тағы 10 мың орын салу шешім қабылдады.