Қазақстанда коронавируспен күресу үшін қосымша 365 миллион доллар бөлінді
Қазақстан Президенті үкімет отырысында коронавируспен күресу үшін қосымша қаржы бөлінгенін хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы: «Үкімет пен облыстар коронавирус пандемиясымен күресу үшін тағы 150 миллиард тенге (шамамен 365 мың доллар) бөлді. Қаржы бөлудін негізгі мақсаты - коронавирусты жою, оның таралуының алдын алу және науқастарды емдеу салада жақсы нәтижеге жету»,- деді. Тоқаев соңғы мәлімдемесінде халыққа бұл ақшаның дәрі-дәрмек пен жасанды тыныс алу аппараттарын сатып алу, медициналық қызметкерлерге төлеу мен басқа жедел әрекеттерге қолданылатынын мәлімдеді.
Қазақстаның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл елде коронавирусқа шалдыққан адамдар саны 54747 адамға жетті, олардың ішінде 31815 жазылды және 280 адам қаза болды.