Қазақстандағы белгісіз пневмония COVID-19 болуы мүмкін
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қазақстандағы белгісіз пневмонияның COVID-19 болуы мүмкін деп жариялады.
ДДСҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан: «Орта Азиядағы пневмонияның таралуы зеттеулерді қажет етеді»,- деп мәлімдеді.
Қытай үкіметі өткен аптада Қазақстанда өлім деңгейі коронавирустан жоғары вирустың таралуы туарлы хабарлаған, бірақ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл хабарды теріске шығарған болатын. Қытай елшілігінің мәлімдемесінде Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің пневонияның кеңінен таралуын зерттеуде, бірақ қазіргі кезге дейін оның себебін анықтамағаны туралы айтылды.
Майкл Райан: «Қазақстанда коронавирус кеңінен таралып, өткен бірнеше күнде аталмыш вирусты жұқтырған 10 мыңнан астам адам тіркелді. Қазақстандағы пневмонияның таралуын анықату үшін зерттеу жұмыстар жүргізіледі»,- деді.