Әлемнің 15 мемлекеті Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары коронавирус пандемиясы басталғаннан бері әлемнің 15 мемлекетінің Нұр-Сұлтанға көмек жібергенін хабарлады.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ержан Ашықбаев: «Қазақстан Ресей, Өзбекстан Қытай, АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея мен Қатардан 5 миллионнан астам медициналық маска, 98 өкпені жасанды желдету аппараты, 260 мың тест жүйесі, 3000 мыңға жуық тепловизор мен термометр алдық. Дәрі-дәрмек пен шетелден қажетті медициналық құрылғылар экпорты дүниежүзіндегі үлкен бәсекелестік жағдайында іске асырылып, Денсаулық сақтау министрілігіне үлкен міндет жүктелді. Сондай-ақ шетелдік елдердің гуманитарлық көмектері аясында кеңесулер және тәжірибемен алмасу орын алып, бұл салада Нұр-Сұлтанға қытайлық және ресейлік мамандар келді. Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония дәргерлерімен 30-дан астам видеоконференциялар өтті. Бұл елдерден басқа шетелдік компаниялар мен қайырымдылық қорлар, жеке азаматтар мен ДДСҰ Қазақстанға қайырымдылық көмек көрсетті»,- деді.