Қазақстан Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемелерді төмендетті
Қазақстан Ұлттық банкі пайыздық мөлшерлемелерін 9,5 пайыздан 9 пайызға төмендетті. Сонымен бір мезгілде пайыздық дәлізді +/- 1,5 пайыздық тармаққа дейін төмендеді.
Ұлттық банкінің мәлемтенші, Қазақстан экономикасы биылғы жарты жылда инфляция мен экономикалық құлдырау рисктердің азаюының куәсі болуда. Елді екінші рет демалысқа тіреген карантин инфляцияға әсерін тигізеді. Сонымен бірге базалық инфляцияның көрсеткіштері жалпы инфляцияға қарағанда баяу өсуде, бұл инфляцияның ақша құрамдас бөлігінің біршама өсуінің белгісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 шілдеде: «Елдің экономикасы қиындықтармен кезікті. Қаңтар-маусымда жалпы ішкі өнім өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға, ал қызмет көрсету саласының өнімі 5,6 пайызға төмендеді»,- деді. Мұнай бағасының құлдырауы жағдайында Қазақстанның Ұлтты банкі 10 наурызда пайыздық мөлшерлемелерді 9,25 пайыздан 12 пайызға дейін көтерді. 6 сәуірде бұл мөлшерлеме 9,5 пайызға дейін төмендеді және содан бері өзгеріссіз қалды.